
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру туралы тәрбие сағаты

2026 жылы 30 қыркүйекте практикалық қазақ тілі кафедрасының доценттері Ш.Қ.Исакулова, А.Қ.Нұрмаханбетованың ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өтті. Тәрбие сағатына көлік энергетика және жаратылыстану ғылымдары факультеттерінің бірінші курс студенттері қатысты.
Тақырыпқа дайындап келген сұрақ-жауаптарымен, презентацияларымен, видео-роликтерімен белсенді қатысқан студенттеріміз болды. Атап айтсақ: Абдурешитов Зариф, Алпамыс Кабира, Серік Аяулым, Тайырқызы Әдемі, Кокарев Владислав, Губайдуллина Райна, Тоғызбаев Нұғман, Смағұл Ернұр, Мурумбаев Шингис, Қыдырбаева Адель тағы басқалар.
Аталған іс-шараға «Экология-12» тобының студенті Алпамыс Кабираның Каhооt ойын платформасында дұрыс шешім қабылдауға үйрететін саналы, тәрбиелік ойын ұйымдастыруы студенттер үшін өте қызықты болды.
Мұндай іс-шаралар жастардың бойында отансүйгіштік пен заңға деген құрметті қалыптастырып, саналы да жауапкершілікті азамат болып өсуіне үлкен ықпал етеді. Студенттердің құқықтық сауаттылығын арттырып, сыбайлас жемқорлық пен басқа да әлеуметтік қауіптерге қарсы өзіндік көзқарасын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Тәрбие сағаты өз мақсатына толық жетті.
