
Жас оқытушылар үшін педагогикалық шеберлік мектебі
#ENUscience
SMART.ENU
ЕҰУ жаңалықтары
28.05.2026 6

Жас оқытушылар үшін педагогикалық шеберлік мектебінің жұмысының аясында 2026 жыл 22 мамырда қытай филологиясы кафедрасының ұйымдастыруымен «Қытай тілін оқытудағы жасанды интеллектті қолдану: жаңа әдістер мен тәсілдер» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Тақырып төңірегінде сөз сөйлеп, өз тәжірибелерімен бөліскен спикерлер, қытай филологиясы кафедрасының оқытушылары – Зәмелихан Күлшира, Ахметова Ақмарал, Оразаева Алтынай, Мақсут Айдана.
Семинар барысында қытай тілін шет тілі ретінде оқыту процессінде қолдануға болатын жаңа тәсілдер мен әдістер туралы баяндама жасалып, өзекті мәселелер талқыға түсті.
Бөлісу:
